Бажин 2023 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде үздік ойыншылардың бірі болды
Баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Николай Бажин 2023 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің азиялық бөлігінің кезекті турында үздік ойыншылардың бірі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еске салайық, баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің бірінші турында Иран командасын жеңген болатын.
Тегеранда өткен D тобының кездесуі 73:69 есебімен қазақстандықтардың пайдасына шешілді.
Айта кетейік, матчтың үздік ойыншысы Николай Бажин болды. Ол матчта 23 ұпай жинады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или