Допты хоккей: «Ақжайық» қарсыласын ірі есеппен жеңді
Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» Орынборда жергілікті «Локомотивпен» күш сынасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
<span>Бұл кездесуде оралдықтар айдын иелері есебінде шықты. Өйткені 10-11 қаңтар күндері Оралда өтуі тиіс екі ойын елдегі төтенше жағдайға байланысты кейінге шегеріліп, Орынборға ауыстырылған болатын. </span>
<span>Осыған дейін «Локомотивке» екі рет қатарынан ұтылған Николай Шавалдиннің шәкірттері бұл жолы тас-түйін дайындықпен шықты. Сөйтіп 7:1 есебімен жеңіске жетті.</span>
<span> Матч барысында «Ақжайықтың» сұрмергені, ресейлік Максим Пахомов төрт голдың авторы атанды. Команда капитаны Максим Өтебалиев, ресейліктер Александр Слугин мен Сергей Башаев бір-бір доптан енгізді. «Локомотивтен» Сергей Ромашов жалғыз голмен жауап қайырды. </span>
<span>Ертең «Ақжайық» Орынборда «Локомотивпен» соңғы ойынын өткізеді. Бұл матчтың нәтижесіне қарамастан, оралдық клуб үшінші топта үздік үштікке ілігіп, финалдық сайыстарға жолдама алды деуге болады.</span>