Жұмағұловтың UFC-дегі кезекті қарсыласы анықталды

Жұмағұловтың UFC-дегі кезекті қарсыласы анықталды

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-6) Ultimate Fighting Championship (UFC) аясында өтетін келесі жекпе-жегінде кіммен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұмағұлов 4 маусымға жоспарланған UFC турнирінде америкалық <span>Джефф Молинамен (10-3) кездеседі. Бұл туралы UFC-де екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен америкалық файтердің мүддесін қорғайтын Iridium спорт агенттігі Twitter желісінде хабарлады.</span>

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов UFC-де төрт жекпе-жек өткізді. Бұған дейінгі кездесуде отандасымыз анголалық Манель Капеден техникалық нокаутпен ұтылып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или