Naiza 37 турнирі Almaty Arena спорт кешенінде өтеді
Қазақстандық жетекші ММА лигасы «Naiza Fighting Championship» 2022 жылдың алғашқы Naiza 37 турнирін 5 наурыз күні Almaty Arena спорт кешенінде өткізеді.
Naiza 37 турниріне ТМД елдерінен және Бразилия мемлекетінен келген файтерлердің қатысуымен 12 жекпе-жек өтеді деп күтілуде. Кештің негізгі шайқасы 77 килограмм салмақта Астрахань қазағы Серік Разғалиев пен бразилиялық файтер Де Оливейра арасында өтсе, кештің тағы бір жарқын жекпе-жегі қазақстандық файтер Жұман Жұмабеков пен кореялық жауынгер Су Енг арасында ұйымдастырылады. Сондай-ақ, белорусиялық файтер Витал Павловски мен қазақстандық Санжар Тәжиев арасында жарқын реванш күтілуде.
Сонымен қатар, турнир алдында 3 наурыз күні жауынгерлердің ашық жаттығулары, 4 наурыз күні «MEGA» ойын-сауық кешенінде жауынгерлер арасындаға «Көзтүйіс» пен баспасөз конференциясы өтеді деп күтілуде.