«Барыс» екінші жолдастық кездесуде мәскеулік «Динамодан» ұтылды
«Барыс» мәскеулік «Динамомен» екінші бақылау кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 6:3 есебімен ресейлік клубтың пайдасына аяқталды. Алғашқы жолдастық кездесуде қазақстандық команда 4:3 есебімен ұтқан еді.
Егор Петухов, Никита Михайлис және Аркадий Шестаков «Барыс» сапынан шайбы соқты.
Қазір Юрий Михайлистің командасы елге оралып, плей-офф кезеңіне дайындықтың соңғы кезеңін бастайды.
«Динамо» - «Барыс» 6:3 (2:1, 3:0, 1:2)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или