Мунгия Әлімханұлына қарсы жекпе-жек туралы ойын айтты

Мунгия Әлімханұлына қарсы жекпе-жек туралы ойын айтты

WBO орта салмақтағы вакантты «уақытша» әлем чемпионы белбеуі үшін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен мексикалық Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) кездесу өткізгенін қалайды, деп жазады Prosports.kz.

Мунгия қазір WBC және WBO рейтингісінде 1-орында, ал WBA рейтигісінде 2-сатыда тұр, демек оның жекпе-жек өткізуге бірнеше таңдауы бар деген сөз. Мексикалық боксшы алдағы мансабы туралы БАҚ өкілдеріне жауап берді.

«Мен қай нұсқаны таңдаймын? Келесі жекпе-жегімде толық әлем чемпионы атағын сарапқа салғым келетінін жасырмаймын. Рингке маусым-шілде айларында шықсақ деп жоспарлап отырмыз. Әлімханұлымен кездесу тамаша болар еді, бірақ Карлос Адамеспен жекпе-жек де күшінде. Жақында Zanfer командасымен кездесіп, барлық нұсқаны талқылаймыз әрі ең жақсы шешім қабылдаймыз», - деді боксшы.

Айта кетейік, WBO бұған дейін Әлімханұлы мен Мунгияның промоутеріне қос боксшы арасында жекпе-жек ұйымдастыру жайлы келіссөзді бастауды тапсырды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или