Допты хоккей: 21 гол соғылған матчта «Ақжайық» ұтылып қалды
Допты хоккейден жоғары лига командалары арасындағы бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» Орынборда жергілікті «Локомотив» командасымен айдынға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Тартысты өткен бәсекеде «Ақжайықтың» капитаны Максим Өтебалиев есеп ашқанымен, бұдан кейін айдын иелері қатарынан алты гол соқты.
Матч барысында оралдықтар да есепті қысқартып баққанымен, «Локомотив» 11:10 есебімен жеңіске жетті.
Қонақтар сапынан ресейлік сұрмерген Максим Пахомов бес, М.Өтебалиев үш голдың авторы атанды. Сондай-ақ Петр Грибанов, Павел Чебаков қарсылас қақпасына бір-бір доптан енгізді.
Оралдық маман Николай Шавалдиннің шәкірттері Орынборда әлі үш ойын өткізеді.
Мұның екеуі - елдегі төтенше жағдайға байланысты 10-11 қаңтар күндері Оралда өтпей қалған кездесулер.
«Ақжайық» спорт клубының директоры Дамир Қалақовтың айтуынша, өз тобындағы қалған осы үш матчта оралдықтар үш ұпай алса, финалдық сайыстарға жолдама алуға мүмкіндік беретін үздік үштікке ілігеді.