OCTAGON 27: Басты айқаста өзбек файтері бразилиялық қарсыласын жеңді
Ташкентте өткен OCTAGON 27 турнирінің басты жекпе-жегінде Нурсултан Рузибоев (32-8-2) орта салмақтағы жекпе-жекте бразилиялық Лучано Континиді (13-4) жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Фаворит саналған Өзбекстан өкілі бірінші раундтың 54 секундында-ақ бразилиялыққа сәтті әдіс қолданды. Лучаноның қарсыласуға шамасы келмей, төреші жекпе-жекті тоқтатып, Рузибоевтың жеңісін тіркеді.
Еске салайық, Ташкенттегі жарыстың екінші маңызды жекпе-жегінде Руслан Рустамов Авлиехон Хамидовты «қылқындыру әдісімен» жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или