Морозов UFC 271 турниріндегі жеңілісі туралы пікір білдірді
Қазақстандық файтер Сергей Морозов Хьюстонда өткен UFC 271 турниріндегі жеңілісі туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Prosports.kz.
«Достар, кешегі жекпе-жек туралы бірер сөз айтқым келеді. Негізі жекпе-жекке психикалық және функционалдық, техникалық тұрғыда жақсы дайындалдым. Дайындыққа үш жарым айдай уақыт кетті. Қалай болғанда да Аллаға шүкір. Барлығына алғыс айтқым келді, қолдау білдіріп, көптеген жағымды сөздер жазып жатырсыздар. Өте қуаныштымын. Бонус жайлы айтсақ, ұйымның менің өнерімді осылай бағалағаны қуантады. Құдай қаласа, бұдан да мықты болып оралуға уәде беремін. Сондай-ақ мені сөзбен ғана емес, іспен де қолдап жүрген достарыма, жерлестеріме алғысымды білдіремін. Мен мұны жоғары бағалаймын!», - деді файтер инстаграм парақшасында.
Айта кетейік, кеше Сергей Морозов (17-6) UFC турниріндегі үшінші жекпе-жегін өткізіп, бразилиялық Дуглас Силвадан (28-4) жеңіліп қалды.