Сергей Морозов UFC-де қанша сыйақы алды?
Қазақстандық файтер Сергей Морозов (17-6) UFC турниріндегі жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды.
Морозов UFC турниріндегі екінші жекпе-жегінде мерзімінен бұрын ұтылды. Хьюстонда (АҚШ) өткен UFC 271 турнирінде Морозов бразилиялық Дуглас Силва де Андрадемен (28-4) кездесіп, екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңілді.
Осы жекпе-жегі үшін Сергей Морозово 68 мың доллар сыйақы алды. Оның 14 мың доллары - жекпе-жек үшін, 50 мың - кештің үздік жекпе-жегі, 4 мың - жекпе-жек үшін қосымша сыйақы.
Еске салайық, Сергейдің UFC-дегі дебюттік жекпе-жегі ресейлік Умар Нурмагомедовке қарсы дәл осылай аяқталды (13-0). Осылайша, қазір Морозовтың UFC-дегі рекорды 1-2.
Жалпы, ММА-дағы мансабында Сергей Морозов алты рет жеңілген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или