«Барсы Атырау» сенсация жасап, Қазақстан кубогын иеленді
9 ақпанда Нұр-Сұлтанда баскетболдан ерлер арасындағы Қазақстан кубогы аяқталды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
«Барсы Атырау»<span> </span>сенсация жасап,<span> </span>«Астананы» жеңді де, Қазақстан кубогын иеленді.
Командалар матч соңына дейін тартысқа түсті. Елордалықтар үшінші кезеңге дейін алда болған. Шешуші кезең алдында алаң иелері 51:49 есебімен алда тұрды.
Төртінші кезеңде атыраулақтар алға шықты, бірақ әлі ештеңе шешілмеген еді. Матч аяқталуына бір минут қалғанда «Барсы Атырау» бір ұпайға алға тұрды. «Астана» жеңісті жұлып әкетуге тырысқанымен, атыраулықтар оған мүмкіндік бермеді. Осылайша, «Барсы Атырау» 70:66 есебімен жеңіске жетті.

Матчтың үздік ойыншылары:
«Барсы Атырау»: Рустам Утеген<span> </span>(24 ұпай), Владимир Иванов (10 ұпай), Әділхан Марат (14 ұпай).
«Астана»: Рустам Мырзағалиев (21 ұпай), Олег Балашов (17 ұпай), Николай Бажин (14 ұпай).