Шавкат Рахмонов: UFC-дің ұсынысы көңілден шықпай тұр
Бүгін, 8 ақпанда Алматы әуежайында қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты жанкүйерлері қарсы алды. «Номад» UFC-дегі үшінші жеңісінен соң «Номад» Prosports.kz тілшісіне берген сұхбат берді.
- Қолдау көрсеткен Қазақстан жанкүйерлеріне алғысымды айтамын, шын жүректен. Бәріңізге көп рахмет. Қолдау көрсеткен DAR Team командасына, бапкерлеріме алғыс білдіремін. Бұл жеңіс - бәрімізге ортақ.
Кештің үздік жекпе-жегі деп танылды. Шын қуаныштымын. Үш жекпе-жегімді де уақытынан бұрын аяқтадым. Өзімді жақсы көрсеттім деп ойлаймын. Бұл жолы нокаут болған соң амалдың жоғынан берді.
- Қарсыласың қарымды спортшы болды. Ол 16 жекпе-жекте жеңіске жеткен. Оның 9-ын сабмишнмен жеңген. Партерде күресерде қорқыныш болмады ма?
- Жекпе-жекке жақсы дайындалдым. Қарсыласымды толық зерттедім. Оны қалай, қай жағынан әдіске алу керегін білдім. Сол үшін уайым болмады. Шыны керек, қарсыласым мықты. UFC-де екі жекпе-жекте жеңіске жету оңай емес. Екі қарсыласын да бірінші раундта жеңген. Мен де өзімді көрсеттім. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Бұл таза еңбектің жемісі.
- Fight Night рейтінге алғашқы 30 спортшының қатарына әлі ілінбедім. Ендігі мақсатың қандай? 10-дыққа ену ме?
- Статистика көп сенуге болмайды, ол жақта да қате кетеді. Өз басым ТОП-15-ке кіріп тұрмын деп есептеймін. Биыл алғашқы ондыққа енемін деп жоспарлап отырмын.
- Биыл неше жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырсыз?
- Тағы екі жекпе-жекке шықсам деймін. Демалған соң бапкерлеріммен ақылдасамын. Сосын жекпе-жегім қашан болатынын жариялаймыз.
- UFC-мен келісімшарт бойынша тағы бір жекпе-жегіңіз қалды. Одан кейінгі жоспарыңыз қандай?
- Ары қарай да UFC-де жұдырықтасуға тырысамын. Екі жақ ортақ шешімге келсек деймін. Өйткені қазіргі ұсынысы көңілімізден шықпай тұр.
- Келесі қарсыласыңыз алғашқы 10-тан болуы мүмкін бе?
- Білмедім. Оны UFC-дің матчмейкерлері шешеді. Қай қарсыласты берсе де бәріне дайынмын.
- Жеңісіңізді кімге арнайсыз?
- Қазақстанда не болғанын көріп жүрдік. Дайындық кезінде бар ойымыз елімізде болды. Митинг кезінде қайтыс болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Бәріміз бір қазақ болған соң жүрегің ауырады.
- Хамзат Чимаевпен жекпе-жек өткізу туралы не ойлайсыз?
- Шыны керек, бұл сұрақ мені шаршатты. Уақыты келгенде көресіздер. Өйткені мен шешпеймін. Қолымда болғанда қазір көшеге шығарып төбелесіп алар едім.