Рахмонов UFC-дегі үшінші жеңісінен кейін Дана Уайтқа үндеу жасады
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (15-0) UFC президенті Дана Уайтқа үндеу жолдады, деп жазады Prosports.kz.
Рахмонов инстаграм желісіндегі жеке парақшасында Уайт пен UFC-дің ресми парақшасын белгілеп, «келесі кім?» деп жазды.
Айта кетейік, 6 ақпанда Шавкат Рахмонов UFC-дегі үшінші жекпе-жегін өткізді. Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) жерлесіміз гайаналық Карлстон Харристі (17-5) бірінші раундта нокаутпен жеңді. «Номад» UFC-дегі үш жекпе-жегінде де жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или