«Могулшылар медальсіз қайтты». 6 ақпандағы нәтижеміз қандай?
Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының екінші күнінде Қазақстан үш спорт түрінде сынға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Скиатлонда біздің шаңғышылар пелатонда болып, жеңімпаздардан қалып қойды. Евгений Величко да, Виталий Пухкало да артта қалды.
Трамплиннен секіруде негізгі кезеңге қиындықпен өткен Сергей Ткаченко мен Данил Васильев алғашқы мүмкіндігінен кейін әрі аса алмады. Бүгін Чжанцзякоуда жел болмады, сондықтан екі спортшымыз да өз деңгейін көрсете алды, Ткаченко К-поинтқа дейін жетті. Дегенмен қазақстандықтар үшін Олимпиада аяқталған жоқ, олар енді үлкен трамплинде өнер көрсетеді.
Могулшы қыздарымыз екінші іріктеуге қатысты. Аяулым Әміренова мен Олеся Граур бірінші іріктеудегі нәтижесін жақсарта алмады. Ал 16 жастағы Анастасия Городконың жолын төрешілер кескендей болды. Спортшымыздың бірінші финалға өтуіне аз ғана ұпай жетпей қалды, ол екінші іріктеуде 11-орын алды.
Бірінші іріктеуге қатыспаған Юлия Галышева финалға өткен. Бірақ суперфиналға берілер жолдама сарапқа салынған кезде Галышева сәтсіз өнер көрсетті. Жарыстан кейін құрама мүшелері суперфиналға өте алмағанына өкінген Галышеваны ұзақ уақыт жұбатты.
Осылайша, Қазақстан үшін могул бұл жолы медальсіз аяқталды.
6 ақпандағы нәтижелер
Шаңғы жарысы
Скиатлон (15 км/15 км). Ерлер
Виталий Пухкало – 32-орын (+7:35.3), Евгений Величко – 57-орын (бір айналымға қалып қойды)
Фристайл
Могул. Екінші іріктеу. Әйелдер
Анастасия Городко – 11-орын (67.47 ), Аяулым Әміренова – 12-орын (66.82), Олеся Граур – 18-орын (57.18)
Могул. Финал. Әйелдер
Юлия Галышева – 11-орын (49.74)
Трамплиннен секіру
Негізгі кезең. Орташа трамплин К-95. Ерлер
Сергей Ткаченко – 41-орын (110.3, 95 м), Данил Васильев – 46-орын (101.0, 92 м).
Фото: ҰОК