Шавкат Рахмонов UFC-дегі кезекті жекпе-жегі үшін Лос-Анджелеске жетті
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов өткен түнде Лос-Анджелеске UFC ұйымындағы үшінші жекпе-жегін өткізуге келді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Instagram желісінде Dar Pro Team жекпе-жек клубы мәлімдеді.
«Шавкат Рахмоновтың октогонға оралуына санаулы күндер қалды», - деп атап өтті промоутер.
Спортшы жаттығудың соңғы кезеңін АҚШ-та өткізді.
Еске салайық, 5 ақпанда Рахмонов UFC турнирінде бразилиялық Карлстон Харриске қарсы айқасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или