Қазақстандық қос спортшы жабық кешенде өтетін әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды

Қазақстандық қос спортшы жабық кешенде өтетін әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды

Қазақстандық спортшылар жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатына іріктеу жарыстарына қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған бәсеке биыл Сербия астанасы Белградта өтеді. 

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының хабарлауынша, қазіргі таңда екі спортшы, атап айтқанда Надежда Дубовицкая мен Давид Ефремов әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. 

Әлем чемпионатына қатысу үшін спортшылар тиісті норматив орындауы тиіс. Қазақстандық спортшылар дүниежүзілік біріншіліктің жолдамаларын Олимпиада ойындарының жеңімпазы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық жарыста, Қазақстан кубогі мен XXXI ел чемпионатында сарапқа салады.

Айта кетерлігі, іріктеу кезеңі 2022 жылдың 7 наурызына дейін жалғасады. Ал биылғы әлем чемпионаты 18-20 наурыз күндеріне жосарланған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или