Теннис

WTA рейтингі: Анна Данилина 25-орынға көтерілді

WTA рейтингі: Анна Данилина 25-орынға көтерілді
news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) Australian Open-нен кейінгі рейтингі жарияланды. Анна Данилина жұптық рейтингіде 28 сатыға көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жеткен Анна Данилина жұптық сында рейтингіде 25-орынға көтерілді.

Жекелей сында Елена Рыбакина 12-інші, Юлия Путинцева 42-орнында қалса, Зарина Дияс 118-сатыға сырғыды.

Ерлер арасында Александр Бублик 37-ден 35-ке жоғарылады. Михаил Кукушкин де 166-орынға жайғасты. Дмитрий Попко 180-орнында қалса, Тимофей Скатов 236-сатыға көтерілді. Денис Евсеев 351-інші, Бейбіт Жукаев 696-орында келеді.

Жұптық сында Андрей Голубев 30-ыншы, Александр Недовесов 67-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер