Құрлықтық хоккей лигасы: Олимпиада кезінде ойындар өтпейді

Құрлықтық хоккей лигасы: Олимпиада кезінде ойындар өтпейді

Құрлықтық хоккей лигасы Қысқы Олимпиада кезеңінде ойындар өткізбеу жөнінде шешім қабылдады. <span>Бұл жөнінде Құрлықтық хоккей лигасы мәлім етті. </span>

<span>ҚХЛ клубтар арасында Қытай астанасы - Бейжің қаласындағы Қысқы Олимпиада кезінде чемпионатты жалғастыруға байланысты сауалнама жүргізген еді. </span>

<span>Аталған турнирге қатысып жатқан 24 команданың 16-ы оған қарсылығын білдірді. Осыған байланысты лига басшылығы Олимпиада кезеңінде чемпионатты жалғастырмауға шешім қабылдады. </span>

<span>ҚХЛ ойындарының қалған бөлігі қашан жалғасатыны жөнінде нақты ұйғарым 10 ақпанда жасалады. Қазір қазақстандық «Барыс» командасы 47 ойыннан кейін 48 ұпаймен 17-орында тұр.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или