WBO Андраде - Әлімханұлы жекпе-жегінің промоутерлік саудасын күнтізбеден алып тастады

WBO Андраде - Әлімханұлы жекпе-жегінің промоутерлік саудасын күнтізбеден алып тастады

<span>28 қаңтарға жоспарланған орта салмақтағы WBO чемпионы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) мен қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) арасындағы жекпе-жектің промоутерлік саудасы белгіленген күні өтпейді, деп жазады</span><span> </span>Prosports.kz.

Пуэрто-Рикода өтуі тиіс болған аукцион енді WBO күнтізбесінен алынып тасталды. Оның орнына Дүниежүзілік бокс ұйымы Деметриус Андрадеге Әлімханұлымен немесе супер орта салмақтағы WBO уақытша титулы үшін британиялық Зак Паркермен жекпе-жек өткізу туралы келісімге келу мерзімін белгіледі (мексикалық Сауль Альварес осы дивизионда абсолютті әлем чемпионы). Бұл үшін мүдделі тұлғаларға бес күн уақыт беріледі. Осы аралықта келісімге келе алмаса промоутерлік сауда қайта белгіленеді.

Айта кетейік, Әлімханұлы Андрадеге міндетті қарсылас ретінде 30 қарашада бекітілді. Кездесуге арналған аукцион әу баста Бүкіләлемдік бокс ұйымының бас офисінде 15 қаңтарда өтеді деп жоспарланған. Кейін екі тараптың өтініші бойынша іс-шара 20 қаңтарға<span> </span>ауыстырылған. Кейін тағы бір аптаға шегеріліп, 28 қаңтарға белгіленген еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или