ҚХЛ-дың үш клубын жаттықтырған маман «Сарыарқаның» тізгінін ұстауы мүмкін

ҚХЛ-дың үш клубын жаттықтырған маман «Сарыарқаның» тізгінін ұстауы мүмкін

Латвиялық маман Петерис Скудра қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубын жаттықтырады, деп жазады Prosports.kz.

«Спорт-экспресс» басылымының хабарлауынша, маман клубпен маусым соңына дейін келісімшартқа отырады.

48 жастағы Скудра бұған дейін Нижний Новгородтың «Торпедосын», Челябинскінің «Тракторын» және Риганың «Динамосын» жаттықтырған.

«Сарыарқа» жақында бас бапкер Александр Макрицкийдің қызметінен кеткенін хабарлады.

Айта кетейік, «Сарыарқа» қазір Қазақстан чемпионатында 55 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или