Азат Нұрғалиев «Тұран» сапына қосылды

Азат Нұрғалиев «Тұран» сапына қосылды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының ойыншысы Азат Нұрғалиев «Тұран» сапына қосылды. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

35 жастағы тәжірибелі футболшы өткен маусымда «Тобылмен» ел чемпионы атанып, маусым соңында командадан кетті. Биылғы маусымды «Тұран» жейдесінде бастайды.

Азат Нұрғалиев мансабында «Ақсу-Кент», «Тобыл», «Ордабасы», «Жетісу», «Сұңқар» және «Астана» секілді командаларда доп тепкен. 2009 жылдан бері Қазақстан құрамасы сапында ойнайды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер