Қуат Хамитов босатылды

Қуат Хамитов босатылды

Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға өз ұстанымын білдіргені үшін ОМОН қызметкерлері ұстаған 33 жастағы файтер Қуат Хамитов босатылды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Championat.com сайты хабарлады.

«Таяқ жеген, сау жері жоқ. Есінде ештеңе қалмаған, менен: «Апа, үйге қашан келдім? Қайдан келдім?» - деп сұрайды. Ауруханаға баруымыз керек», - дейді спортшының анасы.

Айта кетейік, кейінгі күндері Қазақстанда жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр. Бастапқыда Жаңаөзен тұрғындары алаңға шыққан, кейін шара басқа қалаларға ұласты. 19 қаңтарға дейін республиканың барлық аумағында төтенше жағдай жарияланды.

Қуат Хамитовты ОМОН қызметкерлері ұстап алып кеткен

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или