Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығына таласады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығына таласады

Қазақстан Республикасы 2026 жылы шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге үміткер, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық тараптың өтінімі Халықаралық шайбалы хоккей федерациясына дүйсенбі, 10 қаңтарда берілді.

Blick-тің хабарлауынша, әлем чемпионаты 2020 жылы өтуі тиіс болған, бірақ коронавирусқа байланысты өтпей қалған турнирге Қазақстаннан басқа Швейцария да үміткер. Швейцариялық хоккей қауымдастығы дүбірлі дода уақытында өтпегеніне байланысты 6,7 миллион доллар сақтандыру ақшасын алған еді. Енді әлем чемпионатын өткізу құқығына тағы да таласады.

Басылым елдегі толқуларға қарамастан қазақстандық өтінімнің жеңіске жету мүмкіндігі жоғары екенін атап өтті.

Айта кету керек, шайбалы хоккейден әлем чемпионаты бұрын-соңды Қазақстан аумағында өткізілмеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или