Шавкат Рахмонов Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге қатысты пікір білдіріп, жастарға үндеу жасады

Шавкат Рахмонов Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге қатысты пікір білдіріп, жастарға үндеу жасады

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов (14-0) Қазақстандағы тәртіпсіздікке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рахмонов Instagram парақшасында:

«Елім! Қазағым!
Әр қиындықтың артында бір жеңілдік бар! Жұрт болып бәрін еңсереміз!

Алдымен, осы қайғылы күндері қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына, жақындарына көңіл айтамын. Қазалардың арты қайырлы болсын деп тілеймін

Бұл күндері елде болмасам да, жүрегіммен Қазақстандамын. Елде болып жатқан оқиғалар жаныма батып отыр. Мені оқып отырған жастарға мынаны айтқым келеді: Біздің күшіміз - бірлікте, елдікте, ауызбіршілікте! Соны ұмытпайық!

Елдің болашағын баянды ету біздің қолымызда. Көк туымыз әрдайым биікте желбіресін!» - деп жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shavkat “NOMAD”Rakhmonov (@shavkatrakhmonov94)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или