Мария Агапова үшін жыл сәтті болды: Мансабымдағы ең қомақты сыйақы алдым

Мария Агапова үшін жыл сәтті болды: Мансабымдағы ең қомақты сыйақы алдым

<span>UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Мария Агапова өткен жылды қорытындылап, алдағы жылға жоспарымен бөлісті.</span>

«Биыл қиын, бірақ нәтижелі жыл болды. Операциядан кейін реабилитациядан сәтті өтіп, бір жеңісті жекпе-жек өткіздім. Онда мансабымдағы рекордтық деңгейдегі гонорарды алдым. Келер жылы жарақат болмайды деп үміттенемін. Кем дегенде екі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмын, үш кездесу өтсе тіпті жақсы.

Жеңісті жекпе-жектен кейін менеджерлерім мен үшін UFC-мен жаңа келісім-шартқа қол қойды, жаңа келісімшар бойынша бұрынғыдан да көп гонорар төленеді. Сондай-ақ, 2022 жылы 5 наурызда UFC нөмірлі турнирде алғаш рет өнер көрсетемін. Алғашқы кардта шығатынымды естідім. Бірақ бір күні басты кардта және титулды жекпе-жекке шығатыныма сенемін. Бәрі алда! Жаңа жылда мол табысқа жетулеріңізге тілектеспін, ешқашан алған беттен қайтуға болмайды!» - деп жазды Агапова инстаграм парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или