АҚШ пен Финляндияда ойнаған хоккейші «Алматыға» ауысты

АҚШ пен Финляндияда ойнаған хоккейші «Алматыға» ауысты

«Алматы» хоккей клубының сапына Владислав Сайко қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сәтбаев хоккей мектебінің түлегі өткен маусымда белорусьтік «Гомель» сапында ойнап, екі матч өткізген. Кейін «Могилев» құрамына ауысып, 23 ойында 7 ұпай (4+3) жинады.

2021/2021 жылғы маусымда ол елордалық «Снежные Барсы» сапында өнер көрсеткен. 20 жастағы шабуылшы 39 матчта 16 ұпай (11+5) еншілеген.

Сондай-ақ, Владислав финляндиялық «Эссят» пен америкалық «Нью-Джерси Рокетс» намысын қорғаған.

Фото: hcbarys

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или