«Барыс» швециялық шабуылшы Андре Петерссонды қайтаруы мүмкін
Ресейлік championat.com сайты елордалық «Барыс» швециялық шабуылшы Андре Петерссонды қайтарып алуы мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
«Қазақстандық клубтың бұл мәселеде проблемасы жоқ (ақша жағынан - еск. Prosports.kz). Жақында «Барыс» өте қымбат Даррен Дицті ЦСКА-ға жіберіп, жаңа ойыншыларға орын берді. Ақшалай өтемақы «Динамодан» Лукаш Радильді сатып алу үшін пайдаланылуы мүмкін деген қауесет бар, бірақ олар оны сатқысы келмейтін сияқты. Жақында телеграм-каналдарда тараған басқа бір қауесет шынайыға жақын секілді - бұл Андре Петтерсонның оралуы. Швециялық өзінің ең жақсы маусымдарын Астанада өткізді, бірақ бұл Андрей Скабелканың кезінде болды. Фраттин үйіне оралғаннан кейін орын босатылды - және Қазақстан плей-оффты өткізіп алғысы келмейтіні анық», - деп жазады сайт.
Андре Петерссон ҚХЛ-да 2014/15 маусымынан бастап ойнай бастаған болатын, ол «Сочи», «Авангард», «Барыс», Мәскеудің «Динамо» және «Локомотив» командаларында да ойнап үлгерді.