Бұрынғы UFC файтері қамауға алынды
Бұрынғы UFC файтері Чейл Соннен (31-17-1) белгісіз ер адаммен төбелескені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Куәгердің айтуынша, Соннен өтіп бара жатқан ерлі-зайыптылармен төбелескен. Файтер алдымен ер адаммен төбелеседі, кейін әйел араласқан. Өтіп бара жатқан бір адам полицияны шақырған. Чейлді қонақүйден қолына кісен салып алып кетті.
Айта кетейік, спортшы соңғы жекпе-жегін 2019 жылы маусым айында Bellator 222 турнирінде өткізіп, екінші раундта Лиото Мачидадан техникалық нокаутпен жеңіліп қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или