«Барыстың» капитаны мәскеулік ЦСКА-ға ауысады

«Барыстың» капитаны мәскеулік ЦСКА-ға ауысады

«Барыс» Хоккей клубының қорғаушысы Даррен Диц ЦСКА-ға ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік басылымдардың хабарлауынша, қос команда ойыншының трансфері туралы келісімге келді.

Қазақстандық команда бұл ауысымнан ақшалай өтемақы алады. 28 жастағы Диц ҚХЛ-да ең көп жалақы алатын ойыншы, ол жылына 100 миллион рубль табады.

Биылғы маусымда ол ҚХЛ аясында 34 кездесуге қатысып, тоғыз шайба соқты және 12 нәтижелі пас беріпды. Диц «Барыс» сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт аралығында ол ҚХЛ-да жалпы 269 матчқа қатысып, 174 (67+107) ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или