Жағажай волейболынан әлем чемпионатындағы Қазақстанның қарсыластары мен матчтардың кестесі белгілі болды

Жағажай волейболынан әлем чемпионатындағы Қазақстанның қарсыластары мен матчтардың кестесі белгілі болды

Пхукет қаласында (Таиланд) жағажай волейболынан 21 жасқа дейінгі ойыншылар арасында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі volley.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлем чемпионатында Қазақстан атынан екі жұп өнер көрсетеді – Дана Шыңғысова мен Юлия Христолюбова, Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко.  Қазақстандықтардың топтық кезеңдегі қарсыластары – Польша, Австралия, Ресей, Италия, Канада және Бразилия құрамалары болады.

Айта кетелік, аталған спортшылар өткен аптада Пхукетте өткен 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатына да қатысқан болатын. 

Ерлер арасындағы жарыстың негізгі бөлігінде Дархан Аманжолов пен Дамир Лапов Украина, Ресей және Чили командаларымен кездеседі.

Матчтардың кестесі:

Әйелдер

15 желтоқсан (сәрсенбі)
08.50 Польша - Қазақстан (Иванченко/Қабылбекова)
10.30 Австралия - Қазақстан (Христолюбова/Шыңғысова)
15.00 Ресей - Қазақстан (Иванченко/Қабылбекова)

16 желтоқсан (бейсенбі)

10.30 Италия - Қазақстан (Христолюбова/Шыңғысова
12.10 Қазақстан (Иванченко/Қабылбекова) - Канада
16.00 Бразилия - Қазақстан (Христолюбова/Шыңғысова)

Ерлер

15 желтоқсан (сәрсенбі)
15.00 Қазақстан (Лапов/Аманжолов) - Украина

16 желтоқсан (бейсенбі)
11.20 Қазақстан (Лапов/Аманжолов) - Россия

17 желтоқсан (жұма)
08.00 Чили - Қазақстан (Лапов/Аманжолов)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или