Фируза Шарипова алдағы жекпе-жектегі ықтимал қарсыласын атады
Қазақстандық Фируза Шарипова Кэти Тейлордан қалай кек алатынын және келесі қарсыласы ретінде кімді көретінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Allfight.ru сайтына сілтеме жасап.
«Достар, менің келесі жекпе-жегімдегі ең ықтимал қарсылас анықталды.
Менеджеріммен ақылдасып, бізді екі жекпе-жек – Кэти Тейлор және София Очигавамен реванш қызықтыратынын анықтадық. Кэти Тейлордың дәл қазір реваншқа келіспейтіні анық. Көктемде ол Аманда Серраноға қарсы жекпе-жек өткізеді.
Осы уақытта мен Очигавадан есе қайтаруды жоспарлап отырмын. Келісімге қол жеткізілді. Біз онымен әділ төрелік туралы келістік: мен екі төрешіні таңдаймын, ол екеуін таңдайды. Бұл жақын болашақтағы ең ықтимал жекпе-жек, бірақ оны ұйымдастыру үшін әлі көп жұмыс істеу керек.
София WBC Silver белбеуіне ие. Егер мен одан титулды тартып алсам, ресми түрде Кэтиді жекпе-жекке шақыра аламын.
Енді біз кез келген ұсыныстарға ашықпыз. Көп демалғым келмейді. Біз көктемде үлкен жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмыз! - деп жазды Шарипова өзінің instagram парақшасында.
Еске салайық, Шәріпов – Тейлор жекпе-жегі 11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға қараған түні Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен болатын. Тейлор төрешілер шешіммен жеңіске жетті.