Хабиб футбол агенттігін құратынын хабарлады
Жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов жақын арада өзінің жеке футбол агенттігін құратынын және футбол мектептерін ашатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Біз футбол бағытында дамитын боламыз. Біз Ресейде (бұрынғы Реал Мадрид пен Милан ойыншысы Кларенс) Зеедорфпен бірге мектептер ашуды жоспарлап отырмыз. Eagles sports менеджменті спорт клубтарына кеңес беру қызметін көрсететін болады.
Бізде әлі жұмыс жетеді, біз футболшыларды, жас жігіттерді бала кезден бастап тәрбиелейміз. 15-16 жаста мықты командада ойнамасаң ештеңе болмайды. Жас ойыншыларды БАӘ, Сауд Арабиясы, сонымен қатар Еуропа чемпионаттарына жібереміз », - деді Нурмагомедов.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или