Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Хоккейден Қазақстан жастар ұлттық құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы ойында жерлестеріміз Венгрияны 3:1 есебімен жеңді. Қазақстан құрамасынан Абай Маңғысбаев (1-минут), Всеволод Логвин (19-шы) және Дмитрий Колодюк (26-шы) мергендік танытты.

Латвия, Беларусь, Норвегия және Дания құрамалары да Қазақстанмен бірне «А» тобында өнер көрсетеді.

Қазақстан жастар құрамасы келесі кездесуін 13 желтоқсанда Норвегия құрамасына қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или