Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Венгрия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Венгрия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

12 желтоқсанда Қазақстан құрамасы Хоршольм қаласында (Дания) шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында ІА дивизионындағы алғашқы ойынын өткізеді. Александр Истомин шәкірттерінің қарсыласы Венгрия құрамасы болмақ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирге барлығы алты команда қатысады. Венгрия құрамасынан бөлек Қазақстан құрамасы Норвегия, Дания, Беларусь және Латвия құрамаларына қарсы ойнайды. Бірінші орын алған команда келесі жылы жоғарғы дивизионға қатысу құқығына ие болады.

Insport телеарнасы көрсететін Венгрия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де басталып, мына сілтеме арқылы көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или