«Ақжайық» тартысты матчта қарсыласына есе жіберді

«Ақжайық» тартысты матчта қарсыласына есе жіберді

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» Верхний Уфалейде «Никельщикпен» екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

<span>Алғашқы таймда алғашқы болып «Ақжайық» сапынан ресейлік Сергей Башаев есеп ашты. </span>

<span>Көп ұзамай «Никельщиктен» Евгений Мехоношин таразы басын теңестірді. Оралдық команданың сұрмергені, тағы бір ресейлік Максим Пахомов мергендік танытқанымен, айдын иелерінен Герман Альгин 12 метрлік пенальтиден мүлт кетпеді. </span>

<span>Екінші таймда Дмитрий Сафуллин жеңіс голын соғып кетті - 3:2. Жеңіс екінші ойында да «Никельщикке» бұйырды. </span>

<span>Осылайша «Ақжайық» сырт айдындарда өткізген алты матчтан 9 ұпай олжалады. Николай Шавалдиннің шәкірттері келесі бәсекелерін Оралда 22-23 желтоқсанда «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) командасымен өткізеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или