«Қазақстан мені аяққа тұрғызып, өмірге үйретті». «Химик» лақапаты, OCTAGON 26 турниріндегі Ақышевке қарсы жекпе-жекке жоспарын айтты

«Қазақстан мені аяққа тұрғызып, өмірге үйретті». «Химик» лақапаты, OCTAGON 26 турниріндегі Ақышевке қарсы жекпе-жекке жоспарын айтты

11 желтоқсанда Алматыда, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында қазақстандық жетекші ММА промоушені OCTAGON лигасының ұйымдастыруымен жекпе-жек кеші өтеді.

<span> </span>O26 турнирінің басты жекпе-жегінде ұйымның бұрынғы чемпионы Нұржан «Бизон» Ақышев (11-3) аралас жекпе-жекте «Химик» деген лақап атпен танымал тәжірибелі және атақты Константин Чередниченкомен (12-8) кездеседі.

Prosports.kz тілшісі 25 жастағы файтермен Қазақстандағы көптен күткен жекпе-жегі туралы сөйлесті.

- Константин, алдағы жекпе-жекке дайындықты қайда және қалай өткіздіңіз?

-Мен дайындығымды Санкт-Петербургте бастадым, ал оның соңғы кезеңі Мәскеуде өтті. Біз жақсы залдарда дайындалдық, бәрі жақсы өтті.

– Кәсіпқойлар арасында «Химик» деген өте қызық лақап атыңыз бар. Ол немен байланысты және қайдан шыққан?

– Лақап атым бала кезімнен, Қарағандыда тұрған уақыттан қалды. Көп нәрсеге байланысты мен «Химик» атандым, бірақ соңғы кездері «Разрушитель» деген лақап атпен шығып жүрмін, дегенмен Tapology мен Sherdog оны әлі өзгерткен жоқ. Екінші жағынан, мені «Химик» деп таныстырғаны жақсы болды, себебі бұл лақап ат Қазақстанмен байланысты.

– Статистикаға сенетін болсақ, соңғы екі жылда кәсіпқойлар арасында 15-тен астам жекпе-жек өткіздіңіз. Осындай жоғары деңгейде жиі өнер көрсетуге қалай үлгересіз?

– Негізі, мен көптеген лига өкілдерімен араласа бастағандықтан, жекпе-жектердің тығыздығы осындай болды. Мен төбелескенді жақсы көремін, сондықтан маған жекпе-жек ұсынылса, бірден келісемін. Осыған байланысты менің статистикам өзгеріп отырады, кейде мен қалыпқа келуге уақыт таппаймын, өйткені маған келесі жекпе-жек ұсынылған. Соған қарамастан, мен бұл кәсіпті жақсы көремін және ештеңеге өкінбеймін.

– Алдынғы Орц Сайдулаевқа қарсы жекпе-жекте ринг-анонсер сізді Ресейден келген файтер деп таныстырғанымен, торға Қазақстан туының түстері жарқыраған шортымен шықтыңыз. Сіз қазір қай елдің өкілісіз?

- Грозныйдағы жекпе-жекте мен Қазақстанның мемлекеттік туының түстеріндегі киіммен шықтым, өйткені бұл елдің мен үшін әлі де маңызы зор, мен Ресей азаматтығын алсам да, Қазақстанды жақсы көремін және құрметтеймін. Бес жылдан астам уақыт бойы Ресейде жаттығып, тұрып жатырмын.

– Сізді әлі де Қазақстамен көп нәрсе байланыстыра ма?

– Қазақстанның мен үшін маңызы зор. Менің туыстарым: анам, әкем, ағаларым мен әпкем сонда тұрады. Қазақстан, былайша айтқанда, мені аяққа тұрғызды, өмір сүруді үйретті. Менің алғашқы бапкерлерім сол жақтан болды.

– Қазақстанда өнер көрсеттіңіз бе және ол сіз үшін қандай болды?

– Бұрын менде тек ММА мен кикбоксингте әуесқойлар арасында өнер көрсетуге мүмкіндік болды. Расында, қазір туған елімде кештің басты жекпе-жегінде өзімді көрсетуге үлкен мүмкіндігім бар, сондықтан бұл маған шынымен қуат пен ынта береді.

- Сіздің қарсыласыңыз OCTAGON лигасының бұрынғы чемпионы Нұржан Ақышев болмақ. Болашақ қарсыласыңыз туралы не білесіз?

- Менің білуімше, Нұржан Ақышев - өзіне тән қазақ менталитеті бар мызғымас файтер. Ол өзінің «Бизон» лақап атын толықтай ақтайды. Қарсылас күресте де, соққыда да жақсы, бірақ мен оны жеңемін деп ойлаймын. Бұл менің жеке пікірім, бірақ жекпе-жек бәрін көрсетеді. Оның осал тұстары бар және біз оларды пайдаланамыз.

– Сіздің ойыңызша, алдағы кездесудің фавориті кім?

– Егер статистикаға сүйенсек, фаворит, әрине, Ақышев. Бірақ егер менің жеке амбициямды алсақ, мен Алматыға тек жеңіс үшін барамын және басқа нұсқаларды қарастырмаймын.

Турнирдің ресми серіктестері – TURAN табиғи суы және 1XBET букмекерлік команиясы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или