Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионаты алдындағы екінші жолдастық матчта жеңіске жетті
IA дивизионындағы жастар арасындағы әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстан құрамасы Даниядағы Оденсе қаласының командасымен жолдастық кездесу өткізді деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚХФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бірінші кезең Николай Шульга мен Станислав Александровтың голдарының арқасында қазақстандықтардың еншісінде қалды (2:0). Дегенмен, екінші мен үшінші кезеңнің басында айдын иелері екі шайба салып, есепті теңестірді. Дегенмен, Александр Истомин шәкірттері – Абай Маңғысбаев пен Роман Ермак Қазақстан жастар құрамасына жеңіс сыйлады.
Еске сала кетейік, бір күн бұрын Қазақстан құрамасы «Эсбьерг» командасын 7:1 есебімен жеңген болатын.
МХК «Оденсе» – Қазақстан 2:4 (0:2, 1:0, 1:2)
0:1 – Шульга (Бреус, Қасенов) – 05:52
0:2 – Александров (Шетле, Марқабаев) – 14:08
2:1 – #4 – 22:42
2:2 – #98 – 41:27
2:3 – Маңғысбаев (Әлібек) – 49:10
2:4 – Ермак (Шульга) – 59:02
Қақпашылар: Скьельд – Әмірбеков
Фото apkpure.com