«Барыс» ойыншысы қомақты айыппұл төлейді
ҚХЛ спорт және тәртіп комитеті 6 желтоқсанда өткен «Ақ Барс» - «Барыс» матчының эпизодын қарады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұсынылған материалдар негізінде матч соңына дейін жазаланған «Барыстың» шабуылшысы Томаш Юрчоға тағайындалған жазаны өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды.
ҚХЛ Тәртіптік регламентінің 28-бабының 1.29-тармағына сәйкес, төрешіге қарсы кез келген нысанда физикалық күш қолданатын хоккейші 20 минуттқа жазаланып, 100 000-нан 500 000 рубльге дейін ақшалай айыппұлға және ықтимал дисквалификацияға ұшырайды.
Томаш Юрчо бір матчқа дисквалификацияланды және100 000 рубль айыппұл төледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или