UFC Vegas 44: Альдо басты жекпе-жекте Фонтты жеңді
Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 44 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта UFC рейтингінің 4 және 5-ші нөмірлері америкалық Роб Фонт пен бразилиялық Хосе Альдо кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жек жоспарланған бес раундқа созылып, төрешілер шешімімен (50:45, 50:45, 49:49) Альдо басым түсті.
Хосе Альдо кәсіпқой мансабындағы 31-ші жеңісін (оның UFC-дегі рекорды – 13 жеңіс және 6 жеңіліс) тіркеді. Роб Фонттың кәсіби рекордында қазір 19 жеңіс пен 5 жеңіліс бар (соның ішінде UFC-де 9 жеңіс және 4 жеңіліс).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или