Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі төртінші жекпе-жегінің трансляциясы
Лас-Вегастағы UFC on ESPN 31 турнирінде қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-5) пен португалдық Манел Кейп (16-6) жекпе-жек өткізеді , деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Турнир 5 желтоқсанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 06:00-ге жоспарланған. Жеңіл салмақта бақ сынап жүрген «Жако» қатысатын жекпе-жек бастапқы кардтың сегізінші жұбы болып жарияланды. Шамамен, Жұмағұлов-Қапе шайқасы сағат 8:00-де басталады.
Турнирдің негізгі айқасында ең жеңіл салмақ өкілдері – промоушнның бұрынғы чемпионы бразилиялық Хосе Альдо (30-7) мен америкалық Роб Фонт (19-4) кездеседі.
Еске салайық, осыған дейін Жұмағұлов UFC-де үш жекпе-жек өткізіп, екеуінде ұтылып, соңғысында жеңіске жетті. Жұмағұлов - Кейп жекпе-жегінің трансляциясын мына СІЛТЕМЕДЕН көре аласыздар.
Underdog спорт агенттігінің жекпе-жекке арнайы жасаған инфографикасы
