Нұржан Әкішев OCTAGON 26 турнирінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады
Қазақстандық файтер Нұржан Әкішев (11-3) келесі жекпе-жегін OCTAGON 26 турнирінде өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
28 жастағы спортшы OCTAGON лигасы мен ресейлік MMA Series промоушенінің біріккен турнирінде жекпе-жекке шығады. Оның қарсыласы ресейлік Константин Чередников (11-9) болмақ.
Кештің тағы бір жекпе-жегінде Азат Мақсұм (13-0) қырғыз спортшысы Азирет Жумабек Уулумен (7-1) қолғап түйістіреді.
Айта кетейік, OCTAGON 26 турнирінде Мәжит Сардаров, Мират Бекішев, Досбол Елеген және Магомед Магомедов секілді спортшылар жекпе-жек өткізеді.
Билеттер Zakazbiletov.kz және kassir.kz сайттарында сатылымда бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или