Евгений Егембердиев Ресейде бразилиялық файтермен жекпе-жек өткізеді

Евгений Егембердиев Ресейде бразилиялық файтермен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық файтер Евгений Егембердиев Ресейдің Краснодар қаласында 17 желтоқсанда өтетін ACA 134 турниріне қатысады, деп жазады Prosports.kz.

Жерлесіміз бразилиялық Карлос Эдуардомен кездеседі. Карлос 2008 жылы атақты Джон Джонспен төбелесіп, үшінші раундта нокаутпен ұтылған. 

12 желтоқсанда 40 жасқа толатын бразилиялық Карлос Эдуардо соңғы төрт жекпе-жегінде жеңілген.

36 жастағы Егембердиев шілде айында титулдық кездесуде Муслим Магомедовтен нокаутпен ұтылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или