Алина Дауранова конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының кезеңінде «қола» жеңіп алды

Алина Дауранова конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының кезеңінде «қола» жеңіп алды

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Алина Дауранова әлем кубогы кезеңінде екінші медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол 1500 метр қашықтықта үшінші болды. Бірінші болып голландиялық Эвелин Вижн мәреге жетті. Екінші орынды оның отандасы Джейд Гронвуд иеленді.

Конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының кезеңі Германияның Инцель аймағында өтіп жатыр.

Бұған дейін Дауранова 1000 метр қашықтықта екінші болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или