МакГрегор келесі қарсыласы кім болатынын айтты
Бұрынғы UFC чемпионы Конор МакГрегор кезекті қарсыласы ретінде жеңіл салмақтағы қазіргі UFC чемпионын көргісі келетінін айтты, деп жазады Prosports.kz.
«Кім жеңіл салмақтағы титулға ие болса, сол адаммен кездесемін. Сонымен қатар трилогияның аяқталмағанын да естен шығармаңыз», - деп жазды ирландиялық файтер твиттер парақшасында.
Айта кетейік, жеңіл салмақтағы чемпиондық атақты 11 желтоқсанда Лас-Вегаста өтетін UFC 269 турнирінде Дастин Порье мен Чарльз Оливейра сарапқа салады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или