«Барыс» Қазақстан ұлттық құрамасы шабуылшысын қатарына қосқанын жариялады

«Барыс» Қазақстан ұлттық құрамасы шабуылшысын қатарына қосқанын жариялады

«Барыс» хоккей клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Антон Сагадеевпен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық клубтың сайтына сілтеме жасап.

Екіжақты келісім ағымдағы маусымның соңына дейін (2022 жылдың 30 сәуіріне дейін) жарамды болады.

Антон мансабының көп бөлігін «Барыста» өткізген. Команда жейдесінде 250-ге жуық матчқа қатысты. Орталық шабуылшы ағымдағы маусымды «Локомотивте» бастады. Ярославльдік команда сапында Сагадеев мұз айдынына сегіз рет шығып, бір нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или