Баскетболдан Азия кубогының жартылай финалындағы Қазақстан - Иордания матчына превью
12 қарашада баскетболдан Қазақстан әйелдер құрамасы «В» дивизионындағы командалар арасындағы Азия кубогының топтық кезеңінде жартылай финалдық матчын өткізеді. «Дала қасқырларының» қарсыласы Иорданияның командасы болады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі nbf.kz сайтына сілтеме жасап.
Турнир Иорданияның астанасы – Амман қаласында «Prince Hamza» аренасында өтіп жатыр. Матч елорда уақытымен 23:00-де басталады.
Еске сала кетейік, қыздарымыз бұған дейін топтық кезеңде турнир қожайындарымен кездесіп, жеңіліске ұшыраған болатын - 72:51. Осыған байланысты иорданиялық баскетболшылар алдағы кездесуде айқын фаворит саналады. Қарсылас команданың айқын көшбасшысы - 2019 жылғы әйелдер арасындағы НБА чемпионы атанған Наташа Эмили Клауд.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или