Қазақстандық боксшы МТК Global Kazakhstan-мен келісімшартты бұзды
Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (24-0) МТК Global Kazakhstan промоутерлік компаниясымен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы спортшы инстаграм парақшасында хабарлады.
- Боксшының әр асқан белесі дамуының сипаты. Бұл менің спортшы ретіндегі мақсатым. Өзім бірнеше жыл серіктес болған МТК Global (Kazakhstan) компаниясымен келісімшартымды аяқтадым. Бірнеше жекпе-жек өткіздік, тамаша жеңістерге қол жеткіздік. Осы командаға айтарым тек алғыс! Бұл шешім - мансабыма ауадай қажетті жаңа жолдың бастауы. Жақын уақытта жекпе-жек күтіңіздер. Қолдаушыларыма рақмет, - деп жазды ол.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или