ВИДЕО. Алматыдағы OCTAGON 25 турнирінің промо-ролигі: Джаппарова - Дюжикова 2
OCTAGON лигасының баспасөз қызметі 14 қарашада Алматыда өтетін OCTAGON 25 турнирінің промо-ролигін жариялады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық спортшы Анастасия Дюжикова (4-0) отандасы Максуда Джаппаровамен (5-2) кездеседі. Бұл жекпе-жекте аса жеңіл салмақта (56,7 келі) OCTAGON лигасының чемпиондық титулы сарапқа салынады.
Кештің тағы бір негізгі жекпе-жегінде өзбекстандық файтер Машрабжон Рузибоев (11-3-1) өнер көрсетеді. Боксшының қарсыласы Украинадан келген тәжірибелі файтер Константин Линник (27-20) болады.
Басты кардтың үшінші жекпе-жегінде танымал қазақстандық актер және файтер Еркебұлан Тоқтар (2-0) өнер көрсетеді. 25 жастағы боксшының қарсыласы өзбекстандық Абдул-Азиз Сотволдиев (2-2) болмақ.
Бұдан басқа, бас кардта қазақстандық тәжірибелі файтер Руслан Серікқұлов (16-12) өнер көрсетеді, ол Қырғызстаннан келген файтер Шермурат Калиловпен (2-0) кездеседі.
Турнирдің ресми серіктестері – TURAN табиғи суы және<span> </span> 1XBET бкумекерлер компаниясы.