Волейболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын командалар анықталды
Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) клубтар арасындағы әлем біріншілігіне қатысатын командалар тізімін жариялады деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған сынға қазақстандық «Алтай» клубы да қатысады. Кәсіби волейболшылар додасы 15-19 желтоқсан күндері Түркияда өтеді.
Әлемдік сында «Алтайдан» бөлек бес команда бақ сынайды. Атап айтап болсақ, Carraro Imoco Conegliano (Италия), VakifBank Istanbul және Fenerbahçe Opet Istanbul (Түркия), сондай-ақ, Minas Tênis Clube және Dentil Praia Clube (Бразилия) клубтары өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетелік, «Алтай» клубы биыл Таиландта өткен клубар арасындағы Азия біріншілігінде жеңіске жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или