UFC 268: Усман басты жекпе-жекте Ковингтонды жеңді
Нью-Йорктегі (АҚШ) «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында UFC 268 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде нигериялық Камару Усман мен америкалық Колби Ковингтон кездесті.
Жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынған жекпе-жекте толық бес раундқа жалғасып, Усман төрешілер шешімімен жеңіске жетті. барлығын өткізді. Қорытынды есеп – 48:47, 48:47, 49:46.
Осылайша, Камару Усман мансабындағы 20-жеңісіне қол жеткізді, ол бір мәрте ғана жеңілді (UFC-де 15 жекпе-жек, 15 жеңіс). Ал Ковингтон 16 рет жеңіске жетіп, 3 рет жеңілді (UFC-де 11 жеңіс, 3 жеңіліс).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или